2026 жылдың 14 қаңтар күні №10 орта мектебінде 9 және 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№10 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылдың 14 қаңтар күні №10 орта мектебінде 9 және 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
12
февраль
2026

2026 жылдың 14 қаңтар күні №10 орта мектебінде 9 және 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2026 жылдың 14 қаңтар күні №10 орта мектебінде 9 және 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, кәсіби қызығушылықтары мен жеке қабілеттерін анықтауға көмектесу болып табылады. Жоғары медициналық «Аяжан» колледжінің психолог мамандары Умбеталиева Айгерім Болатовна және Сураншинова Анель Бөкенбаевна арнайы келіп, мектебіміздің оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандар оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы, кәсіби бағытты айқындауда жеке қабілет пен қызығушылықты ескерудің жолдары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар медициналық мамандықтардың ерекшеліктері, олардың қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі, медицина саласындағы мамандарға қойылатын талаптар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Түсіндірме жұмыстары барысында Жоғары медициналық «Аяжан» колледжі туралы оқушыларға толық мәлімет ұсынылды. Атап айтқанда, колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу мерзімі, қабылдау талаптары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, студенттерге жасалатын мүмкіндіктер және оқу орнын бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасу перспективалары таныстырылды. Жоғары медициналық «Аяжан» колледжі – Алматы қаласында орналасқан жеке меншік білім беру ұйымы. Колледж 1993 жылы құрылған, мемлекеттік лицензияға ие және бітіруші түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілетінін, оқу күндізгі және кешкі бөлімдерде, қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетіндігі, оқу мерзімі:
Емдеу ісі, Мейіргер ісі, Ортопедиялық стоматология мамандықтары бойынша 9-сыныптан кейін – 3 жыл 10 ай, 11-сыныптан кейін – 2 жыл 10 ай Фармация мамандығы бойынша 11-сыныптан кейін – 2 жыл 10 ай оқитындары айтылып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан нақты әрі толық жауаптар берілді. Оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға оң ықпал етті. Сөз соңында Жоғары медициналық «Аяжан» колледжінің мамандары мектеп бітіруші түлектерге алдағы үлкен өмір жолында сәттілік тілеп, әрбір оқушының өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандықты саналы түрде таңдап, қойған мақсаттарына жетуіне, білікті де білімді маман болып қалыптасуына тілектестік білдірді.

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары                       М.Турымбетова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив