«Болашақ мамандыққа алғашқы қадам» » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№10 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашақ мамандыққа алғашқы қадам»
12
февраль
2026

«Болашақ мамандыққа алғашқы қадам»

2026 жылдың 29 қаңтар күні №10 орта мектебіне Кәсіптік бағдар: «Болашақ мамандыққа алғашқы қадам» тақырыбында 9 және 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы облысы, Іле ауданындағы Сагадат Нұрмағамбетов атындағы институттан мектебіміздің түлегі, 1 курс студенті Мавлютов Самғат Саматович келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға институттың оқу бағдарламалары, мамандықтары, оқу процесі және түсу шарттары туралы толық ақпарат берілді. Военный колледж имени Сагадата Нурмагамбетова — бұл ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орны екенін, онда: Әскери техникалық және командалық кадрлар даярланатынын, оқу ұзақтығы әдетте 3 жылға дейін (ол бұған дейін 1‑2 курс теория + 3 курс профиль бойынша оқу/практика) болатынын атап айтты. Сонымен қатар ҚР әскери білім ұйымдарында оқу барысында әскери курсанттарға типтік түрде стипендия берілетінін, бірақ оның көлемі, шарттары әр оқу орны мен бағдарламаға қарай өзгереді. Әдетте әскери оқу орындарында стипендия әскери дайындыққа қатысты арнайы бюджеттен берілетінін, сондықтан ол ай сайынғы мемлекеттік стипендия форматында болатындығын атап айтты. Мавлютов Самғат Саматович мектеп оқушыларына болашақ кәсіби таңдау жасауда қажетті кеңестер беріп, сұрақтарына нақты жауаптар айтты. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға өз мүмкіндіктерін түсініп, мамандық таңдауда сенімділік пен дұрыс бағыт беру. Кездесу өте қызықты әрі пайдалы өтті: оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді алып, болашаққа жоспарларын нақтылай алды. Осылайша, кәсіби бағдар беру шаралары оқушылардың білім алу жолындағы алғашқы маңызды қадамдарының бірі болып, олардың болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына септігін тигізетінін білеміз. Сөз соңында кәсіп иесі оқушыларға мамандықты өз жүрек қалауымен таңдауға шақыра отырып, жас жеткіншектерге сәттілік тіледі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив