12
февраль
2026
9 және 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында
2026 жылдың 29 қаңтар күні №10 орта мектебінде 9 және 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің 3-курс студенттері Құдайберген Мирас, Күншығар Диас, Сәдуақас Нұржігіт және колледж маманы қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында колледж өкілдері аталған оқу орнының Астана қаласында орналасқанын, ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекеме екенін және оқу орны Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің есімімен аталғанын атап өтті. Әскери колледж орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орны болып табылады және жас сержант-командирлерді, сондай-ақ техникалық және әскери қызмет мамандарын даярлайтынын айтты. Колледждің Астана қаласы, Нұра ауданы, Қорғалжын тас жолы, 16/1 мекен-жайында орналасқанын, колледж орта жалпы білімнен кейінгі әскери техникалық‑кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүргізетінін, оқу мерзімі — 2 жыл 10 ай (шамамен 3 жылға жуық) болатынын, колледжге түсу үшін: талапкер 15 жаста болуы тиіс және 17‑ден аспауы керектігін (сол оқу жылы ішінде) екенін, оқуға түсу конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асып, қабылдау келесі кезеңдер бойынша өтетінін: кәсіби‑психологиялық іріктеу, әскери‑медициналық комиссиядан өту, физикалық дайындықты тексеру, іріктеу және тіркеу қажет екенін, құжаттар 1‑5 тамыз аралығында әскери колледждің қабылдау комиссиясына ұсынылатынын, колледжге қабылданған талапкерлер оқу орны аумағында орналасып, яғни жатақхана/казарма тәрізді орналастыру ұйымдастырылып, әрі тамақпен қамтамасыз етілетінін (қабылдау кезеңі кезінде) айтып өтті. Сонымен қатар техникалық‑кәсіптік бағдардағы мамандықтарды қамтитынын, колледжде кадеттер әскери автоматтандыру, ақпараттық және байланыс технологиялар, қару‑жабдықтарды және әскери техниканы қызмет көрсету, жөндеу, инженерлік әскерлер мен сапер бөлімдерін басқару бағыттары бойынша дайындалатынын (әр бағыт бойынша техникалық және командалық даярлық беріледі) атап айтты. Оқу барысында кадеттер ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқитындықтан, стипендиямен қамтамасыз етілетінін, колледж Қазақстан Қарулы күштерінің кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды әскери-білім беру мекемелерінің бірі болып табылатынын, оқу орнында әртүрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, кадеттердің ант қабылдау рәсімдері ұйымдастырылатынын атап айтты. Сөз соңында әскери колледж студенттері түлектерге арнап:
«Құрметті түлектер, алдарыңызда өмірдің жаңа, жауапты кезеңі басталғалы тұр. Алға қойған мақсаттарыңыз айқын, таңдаған жолдарыңыз нық болсын. Қандай бағытты таңдасаңыздар да, өздеріңізге сеніп, табандылық пен еңбекқорлықты серік етіңіздер. Елімізге адал қызмет ететін, білімді де батыл азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз. Армандарыңыз орындалып, болашақта Отан қорғау жолында немесе таңдаған мамандықтарыңызда үлкен жетістіктерге жетіңіздер. Біз, әскери колледж студенттері, сіздердің жарқын болашақтарыңызға сенеміз. Алдарыңыздан ашылатын мүмкіндіктер мол болып, батылдық, тәртіп пен білім әрдайым алға жетелесін. Болашақта ел мақтанышына айналатын азамат болуларыңызға тілектеспіз», — деп сөздерін аяқтады.