27
апрель
2026
2026 жылдың 20 ақпан күні « №10 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 11‑сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру
2026 жылдың 20 ақпан күні « №10 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 11‑сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Kazakh National Agrarian Research University (Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) профессор‑оқытушылары: Байбатшанов Мухтар Касенұлы — профессор, қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аграрлық ғылымдар саласындағы маманы, Калшабаева Маншук Жеңісбаевна — PhD, университеттің құқықтық бағдарлама саласындағы маманы, Бейсенбаева Маншук Тоқтарбековна — к.ю.н., қауымдастырылған профессор, құқық саласында жоғары білікті өкіл (KazNARU‑да заң факультеті аясында оқытушы) оқушылармен кездесу барысында кәсіби бағдар беру кездесудің басты мақсаты — оқушыларды оқу орындарының мүмкіндіктерімен, аграрлық сектордағы мамандықтармен және университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру екенін атап айтты. Кездесуге қазақ сыныптарынан-57, орыс сыныптарынан-36 оқушы қатысты. Жалпы: 93 оқушы қатысты. Іс‑шара барысында келесі бағыттар қамтылды: Жоғары оқу орнында оқудың артықшылықтары мен талаптары, Аграрлық ғылымдар мен құқық саласындағы мамандықтар, Болашақ профессияны таңдаудың маңызы мен еңбек нарығындағы сұраныс, сонымен қатар университетте білім алған студенттер, Ауыл шаруашылығы және агротехнологиялар, Ветеринария және мал дәрігерлігі, Экология мен табиғатты басқару, Бизнес, экономика және менеджмент, Құқықтану, Су ресурстары мен IT жүйелері, Инженерлік және техникалық ғылымдар бойынша мамандық иесі бола алатындарын атап айтты. Оқушылардың сұрақтарына тікелей жауаптар мен кеңестер берді. 11‑сынып оқушылары аграрлық, құқықтық және экономикалық бағыттағы жоғары оқу орнындағы оқу мүмкіндіктерін толық танып, алаңдаған сұрақтарына жауап алды. Оқушылар арасында оқу бағытын кәсіби бағытта таңдауға мотивация мен нақты ақпарат берілді. Сөз соңында университет мамандары мектепбітіруші түлектеріне: «Құрметті түлектер, алдарыңызда өмірдің жаңа, жауапты кезеңі басталғалы тұр. Алға қойған мақсаттарыңыз айқын, алдағы өмір жолдарыңыз ашық болсын! Таңдаған оқу орындарыңызға түсіп, жүректеріңіз қалаған мамандық иесі атаныңыздар. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын. Еліміздің білімді, білікті, парасатты азаматтары болып қалыптасуларыңызға тілектеспін. Сәттілік әрдайым серіктеріңіз болсын», — деп сөздерін аяқтады.