2025 жылдың 11 желтоқсан күні төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында зілзала кезіндегі эвакуациялау тәртібін сақтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді. » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№10 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылдың 11 желтоқсан күні төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында зілзала кезіндегі эвакуациялау тәртібін сақтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
23
февраль
2026

2025 жылдың 11 желтоқсан күні төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында зілзала кезіндегі эвакуациялау тәртібін сақтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

Алматы облысы, Іле ауданы бойынша білім бөліміне қарасты "№10 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2025 жылдың 11 желтоқсан күні төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында зілзала кезіндегі эвакуациялау тәртібін сақтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – зілзала кезінде эвакуациялау тәртібін меңгерту, оқушылардың төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. Жаттығу барысында «Жер сілкінісі басталды» деген шартты сигнал беріліп, оқушылар мен мұғалімдер алдын ала бекітілген эвакуация жоспарымен қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жаттығуға 1-11 сынып аралығындағы 1-ауысымда 707, 2-ауысымда 698 оқушы, барлығы 1405 оқушы, сондай-ақ 68 сынып жетекші, 25 техникалық персонал және пән мұғалімдері қатысты. Мектеп медбикесі Г.Баекеева алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын болды. Эвакуация барысында әр сыныптан оқушылардың толық шыққаны мұғалімдер тарапынан есептелді. Сонымен қатар, оқушылар мен мектеп ұжымына төтенше жағдайдың алдын алу бойынша ақпарат беріліп, қажетті іс-шаралар түсіндірілді. Азаматтық қорғаныс бастығы – мектеп директоры Ж.Окасова, азаматтық қорғаныс штаб бастығы – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Турымбетова және АӘТД жетекшісі С.Наурызбаев әр сыныпта оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жаттығу қорытындысы бойынша эвакуация тәртібі сақталғаны және қатысушылардың әрекеті ұйымдасқан әрі жылдам болғаны атап өтілді. Нәтижесінде оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік дағдылары пысықталып, мектеп ұжымының дайындық деңгейі артты.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив