27
апрель
2026
2026 жылдың 30 наурыз күні «№10 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 11-сынып оқушыларымен
2026 жылдың 30 наурыз күні «№10 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 11-сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі оқу орындарына түсу бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Оқушыларға мемлекеттік күзет қызметіне қабылдану талаптары, құжат тапсыру тәртібі, оқу бағдарламалары және болашақ қызметтің ерекшеліктері туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар қызметке қабылдану кезінде қойылатын негізгі талаптар, дене дайындығы, психологиялық және медициналық тексерулер жөнінде түсіндірілді. Барлық 11-сынып оқушыларына екі тілде (қазақша, орысша) арнайы буклеттер таратылды. Жалпы 93 оқушыға буклет берілді: қазақ сыныптарында – 57, орыс сыныптарында – 36. Мектептің кәсіптік бағдар беру бұрышына аталған оқу орнының жарнамалық буклеті ілінді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнаулы мемлекеттік орган. Бұл қызмет Президентті, басқа да күзетілетін тұлғаларды және маңызды мемлекеттік нысандарды қорғаумен айналысады. Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.






