2026 жылдың 21 сәуірінде №10 орта мектебінде Алматы қаласындағы AIK инновациялық колледжі (Бурундай филиалы) тарапынан кәсіптік бағдар беру » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№10 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылдың 21 сәуірінде №10 орта мектебінде Алматы қаласындағы AIK инновациялық колледжі (Бурундай филиалы) тарапынан кәсіптік бағдар беру
27
апрель
2026

2026 жылдың 21 сәуірінде №10 орта мектебінде Алматы қаласындағы AIK инновациялық колледжі (Бурундай филиалы) тарапынан кәсіптік бағдар беру

2026 жылдың 21 сәуірінде №10 орта мектебінде Алматы қаласындағы AIK инновациялық колледжі (Бурундай филиалы) тарапынан кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Аталған шара барысында 9 және 11-сынып оқушыларына Журумбаева Райгуль Кайнарбайевна түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, колледжге оқуға түсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, талапкерлерге бағыт-бағдар жасады. Кездесу барысында колледжде ұсынылатын мамандықтар таныстырылды. Атап айтқанда, емдеу ісі, мейірбике ісі, стоматология, фармация, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, құқықтану, аударма ісі, әр түрлі саладағы ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша білім берілетіні түсіндірілді. Сондай-ақ оқушыларға аталған мамандықтардың ерекшеліктері жан-жақты баяндалып, болашақ кәсіби бағыттарын дұрыс таңдауға кеңес берілді. Аталған колледждің филиалдарының бірі Бурундайда (Боралдай маңында), нақтырақ айтқанда Водник-1 шағын ауданы, 19 мекенжайында орналасқан. Колледжге 9 және 11-сыныптан кейін түсуге болады. Жалпы, AIK инновациялық колледжі – Алматы қаласында бірнеше филиалы бар, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған заманауи оқу орны екенін атап айтып, Райгуль Кайнарбайевна сөз соңында оқушыларға алдағы оқу жолында сәттілік тілеп, дұрыс таңдау жасауына ізгі ниет білдірілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив