Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№10 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы
02
февраль
2024

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

           Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы құрылуының негізгі мақсаты мемлекеттік электронды қызметтерді,электронды сандық қолтаңбалары арқылы өз беттерімен алу мүмкіндігі және азаматтарды қызметкерлермен электронды үкімет порталы жұмыс қағидаттармен жұмыс жасауға үйрету және кеңес беру болып табылады. 

           Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаев ауылының № 10 орта мектебінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»  2018 жылдың маусым айынан бастап жұмыс жасап келеді. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы »   тек мұғалімдер мен оқушыларға, техперсоналдарға ғана қызмет көрсетпей,жергілікті ауыл тұрғындарына да қызмет көрсетеді.Осы мақсатта мектебімізде ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» egov.kz порталдарына еркін кіру үшін ғаламторға тіркелген компьютер мен қызмет түрін қағазға басып шығару үшін арнайы принтер қойылған.

          Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ «Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді мектеп қызметкелері, ауыл тұрғындары ЭЦҚ арқылы рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы,наркологиялық және психо/неврологиялық диспансерлердің есебінде болмауы туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу және емханаға тіркелу туралы тағы да басқа қызметтерді алуларына болады. Аталған қызмет түрлерін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, әрі сапалы және тегін ала алады. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» кез-келген азамат өздігінен ақпарат ала алады. «Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу барысында және қиындық келтірген жағдайларда мектебіміздің жауапты маманы кез-келген уақытта көмек көрсетеді.

            2023-2024 оқу жылынан бастап 91 қызмет көрсетілді. Алынған анықтамалар   «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» тіркеу журналына жазылып отырылады (алушының аты-жөні,қандай анықтама алғандығы жазылады).Ауыл тұрғындарына халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, мектебімізге келіп өздеріңізге қажетті қызмет түрлерін алуға болатындығын ескертеміз.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив