18
октябрь
2024
1497 оқушы 5-7 минутқа түгел қауіпсіз алаңға шығарылып, пән мұғалімдері өз сыныптары бойынша оқушылардың толық шыққандығын баяндады.
Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің "№10 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2024 жылдың 17 қазан күні бірінші ауысымда оқитын оқушылар үшін сағат 11:45-те және екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін сағат 16.35-те төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында зілзала кезіндегі эвакуациялау тәртібін сақтау жаттығуы өткізілді. Мақсаты: зілзала кезіндегі эвакуациялау тәртібін сақтау және орындау, балаларды дайындау, төтенше жағдай мен бетпе-бет кездескенде оқушылардың қауіпсіздік сақтау. Жаттығу барысында оқушыларды қауіпсіз жерге эвокуациалау бағыты айқындалып, арнайы дабыл қоңырауы соғылды. Апатты жағдайда қағылатын дабылды естіген мектеп оқушылары жаппай сыртқа ұмтылды.1-11 сыныптар аралығында 1497 оқушы 5-7 минутқа түгел қауіпсіз алаңға шығарылып, пән мұғалімдері өз сыныптары бойынша оқушылардың толық шыққандығын баяндады. Мектем медбикесі Г.Баекеева алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын болды. Оқушылар мен мектеп ұжымына, техникалық қызметкерлерге төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында қандай іс-шараны қолға алу керектігі жөнінде ақпарат берілді. Азаматтық қорғаныс бастығы-мектеп директоры Ж.Окасова, Азаматтық қорғаныс штаб бастығы-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Турымбетова , АӘТД жетекшісі С.Наурызбаевпен бірлесе отырып, әр сыныпқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.