Наши достижения
№10 орта мектеп бойынша Іле аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 17 қыркүйектегі «Қазақстан халқы тілдерінің айлығын өткізу туралы» №535 бн\қ бұйрығы негізінде «Қазақстан халқы тілдерінің айлығын өткізу туралы» №15 мектепішілік бұйрық шығарылып, айлық аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспарланып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жоспарға сай іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты ана тілінің қадір- қасиетін, жалпыхалықтық мәнін,сипатын,маңызын,тілдік құндылығын оқушылардың санасына сіңіру, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оны құрметтей білуге, жаза білуге үйрету және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, «Тіл заңының» орындалуын қадағалау. Осы мақсатта өтілген іс – шараларға мектеп мұғалімдері атсалысты. «Тілді құрметтеу-Отанды сүю» атты іс – шараның ашылу салтанатын қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі әдістеме бірлестігінің жетекшілері ұйымдастырды.
Мектеп кітапханашылары С.Өткелбаева мен М.Жакеева «Тіл рухани асыл қазына» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушылардың назарына қажетті материалдарды Тарих пәнінің мұғалімі С.Бейсекенованың ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты пікірталас 10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Шараға 10 «А» және 10 «Ә» сынып оқушылары қатысып, Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талдай отырып, латын әліпбиіне көшу – заман талабы екендігіне тоқталып, өзара пікір алмасты.
8 «А» және 8 «Ә» сыныптары арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Л.Доданованың ұйымдастыруымен «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді.
5-9-сыныптар «Менің елім-менің тағдырым» атты тақырыпта қабырға газетін шығарды. Лучший деп танылған қабырға газеттері мақтау қағазымен марапатталды.
Музыка пәнінің мұғалімдері М.Молдақарызова мен Р.Тулегенованың ұйымдастыруымен «Тіл- татулық тірегі» атты ән байқауы өткізілді, мұнда оқушылар тіл, туған жер туралы әндер орындап, үздік деп танылған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мектеп дәлізінде оқушылар мен мұғалімдердің назарына көрме, ақпараттық бұрыштар қойылды.
Мектеп бойынша бекітілген жоспарларға сай іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар арасында тіл мәртебесі, яғни қазақ тілі - Қазақстан елінің мемлекеттік тілінің қаншалықты дәрежеге көтерілгені жөнінде әңгімелер жүргізілді. Тіл айлығының қорытындысы шығарылып, оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мектеп директорының м.а. Ж.Окасова