«Кәсіптік бағыт бағдар беру» » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"№10 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » «Кәсіптік бағыт бағдар беру»
29
февраль
2024

«Кәсіптік бағыт бағдар беру»

«Кәсіптік бағыт бағдар беру» жұмыстарын жандандыру мақсатында №10 орта мектебінде Логистика және көлік академиясының  мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді
                 26 ақпан күні Логистика және көлік академиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тоймырза мен №4 бөлімнің мұғалімі Ә.Ерғалиев мектебіміздің түлектерін ALT-оқу орнына шақырып, оқуға түсуге кеңес берді. Өз сөздерінде кез-келген адамның жарқын болашағы жоғары оқу орнын дұрыс таңдаудан басталатындығын айтты. Себебі, бұл таңдау жауапты әрі күрделі таңдау болып табылады, өйткені жас адамның алдағы өмірі оның алып жатқан білімі арқылы айкындалады.Сапалы жоғары білім мен қажетті мамандықты меңгеру – адамның сенімді де бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына және мансаптық өрлеу мен жоғары табыс табуына мүмкіндік береді. Логистика және көлік академиясының оқу процесі – теміржол, автокөлік, электр көлігі индустриясы және метрополитен қызметімен тікелей байланысты. Сондай-ақ біздің оқу орны телекоммуникация мамандарын да дайындайды. Бүгінде ЛжК–ны бітірген мамандар «Қазақстан теміржолы» ҰК»АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазавтожол»ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік Одағы және т.б.ұлттық компанияларда жұмыс жасай алады. Осындай тұрақты даму үстіндегі өндірістік орындар – барлық уақытта кәсіпқой мамандарға мұқтаж. Сондықтан да, қазіргі уақытта Академиямыз – осындай ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ететін бірден-бір оқу орны болып табылады. Жұмыс орындарынан үміткер бүгінгі студенттер– технологиялық дамуды ілгерілететін және еліміздің индустриялық дамуының кепілі бола алатын ертеңгі мамандар! Сіздердің әрқайсыларыңыз білікті де білімді маман бола аласыздар! Логистика және көлік академиясы – Сіз өз болашағыңызды батыл сеніп тапсыруға болатын оқу орны. Бүгін, Сіздер болашақты біздің көмегімізбен құруға мүмкіндік аласыз, ал ертең өсіп келе жатқан ұрпаққа кәсіби біліміңізді және тәжірибеңізді сеніп тапсырасыз. Бізден алған біліміңізбен сіз міндетті түрде индустриялық қоғамда лайықты орныңызды табасыздар – деп атап айтты. Сөз соңында оқушыларға сәттілік тіледі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив