«Кәсіптік бағыт бағдар беру» жұмыстарын жандандыру мақсатында №10 орта мектебінде Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж мамандарының қатысуымен түсі » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область
Коммунальное государственное учреждение
"№10 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » «Кәсіптік бағыт бағдар беру» жұмыстарын жандандыру мақсатында №10 орта мектебінде Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж мамандарының қатысуымен түсі
16
февраль
2024

«Кәсіптік бағыт бағдар беру» жұмыстарын жандандыру мақсатында №10 орта мектебінде Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж мамандарының қатысуымен түсі

2024 жылдың 16 ақпан күні №10 орта мектебіне Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінің 2 сыныпты сержант Е.М.Жиргалиев батальон сержанты, кіші сержант Қ.А.Абиев бөлімше командирі келіп, мектебіміздің 9, 10, 11-сынып оқушыларына әскери колледжге қабылдау ережелері мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әскери  колледж 1996 жылдан бастап оқу орны республиканың Қарулы Күштері мен басқа да күштік құрылымдарында сәтті қызмет атқарып жүрген 3000-ден астам кәсіби сержантты дайындады. Жыл сайын орта есеппен бір жарым мың жас колледжге түсуге үміткер боғандығын, өткен жылы 240-тан астам адам кадет атанғандығын атап айтты. Колледжде оқу тегін, сондай-ақ кадеттер тұратын орынмен, тамақтану және заттай мүлікпен қамтамасыз етілетінін, оқу мерзімі – бір жыл он ай оқитындарын, колледжге түсуге ниет білдірген азаматтар оқуға түсер жылы 17 жасқа толып, 22 жастан аспауы керек. Мерзімді әскери қызметін өткерген және келісімшартпен әскери қызметтегілерді 24 жасқа дейін қабылдайтындығын атап өтті. Бұл оқу орны әскерге кәсіби сержанттар дайындайды. Оқуға түсу кезінде аттестаттың орташа балы есепке алынады, ол кемінде үш деп бағалануы тиіс. Сондай-ақ медициналық куәландырудан өту, дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, психологиялық тестілеу қажет. Колледжді бітірген түлек әскери мамандық алып, жүз пайыз кепілдікпен жұмысқа орналаса алатындықтарын және оқу процесінде әрбір кадетпен Қарулы Күштерде сержанттар құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады. Кадеттер әскери бөлімдерде бөлімше команждирлері лауазымдарынан бастап, Қарулы Күштердің бас сержантына дейін мансаптық жолмен өсе алады - деп түсіндірді колледж сержанты Е.М.Жиргалиев. Әскери колледж Щучинск қаласында орналасқан. Оның ғимараттары мен жоғары санатты оқытушылар құрамы бар. Дипломнан бөлек кадеттер үшінші сыныпты БМП механик-жүргізушісі және «В», «С» санатындағы автомобиль жүргізушісі куәлігін алады. Оқуға түсу үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жүгіну қажеттігін айтып, мектебіміздің оқушыларына алдағы уақытта тек сәттілік тілейтіндерін атап айтты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив