№ 10 орта мектебі психологиялық қызметінің 2022-2023 оқу жылындағы жарты жылдық есебі » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№10 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 10 орта мектебі психологиялық қызметінің 2022-2023 оқу жылындағы жарты жылдық есебі
13
январь
2023

№ 10 орта мектебі психологиялық қызметінің 2022-2023 оқу жылындағы жарты жылдық есебі

   




                                                                                                                Іле аудандық 

                                                                                                                   білім бөлімінің 

                                                                                                             басшысына

                                                                                                                Л.Каткееваға


№ 10 орта мектебі психологиялық қызметінің 2022-2023 оқу жылындағы жарты жылдық  есебі

Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру, құру және жүргізу. 

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;
  • Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;
  • Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;
  • Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
  • Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;
  • Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;
  • Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (әкімшілік, оқытушы-оқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға, талдауға және түзетуге;
  • Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;
  • Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды, перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауға  м і н д е т т і.

Диагностиқалық жұмыстар

1 сынып оқушыларының мектепке дайындығы ,    мектепке бейімделуі психологиялық дайындықтарын зерттеу  қырыкүйек,қазан айында 1- сынып оқушыларының мектепке дайындығы,бейімделуі,психологиялық дайындығын зерттелді.1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңін  анықтау мақсатында қашықтықтан  жұмыс жүргізілді. Сабақ барысы ойын түрінде, К.Йарисека тесті  ретінде жүргізілді. Осы ойын, сказкатерапия  80% балалардың бейімделу кезеңін жоғарлатуға көмектесті. Ал қалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізілді.  Қарым-қатынасқа түсуге қиналатын немесе қиыншылық көрген оқушыларға бағытталған жұмыс жүргізілді. Сұраныс бойынша жекелеген оқушылардың әлеуметтік жағдайлары зерттеліп, ата-аналарымен жұмыс жүргізілді. 

Қазан айында 5-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында психологиялық-диагностиқалық бағыты бойынша зерттеу  жүргізілді. (Сабақтарға қатысу, ата-аналарға араналған сауалнамалар «Өз балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?») . Оқушының психологиялық, әлеуметтік және интеллектуалдық жағдайына қарай, олардың 85% бейімделу процесіне дайын екенін айтуға болады. 15% оқушының  мұғалімдерінің ауысқанына байланысты қиыншылық көргені анықталды. Осы қиыншылық көрген оқушылармен психолог тарапынан жұмыс жүргізілді. 5-сынып оқушыларымен диагностикалық, түзету және дамыту жұмыстары жүргізілді. Әлі де бейімделу үстіндегі оқушыларға жүргізілген әрбір әдістемені талдап, анықталған нәтиже бойынша ұсыныс беріліп, ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді . Осы жүргізілген психологиялық зерттеу нәтижесімен сынып жетекшілер, ата-аналар таныстырылып , ұсыныс берілді.Әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар отбасылармен және балалармен, ерекше назардағы оқушылармен  құқық бұзушылықпен қараусыздықтың алдын-алу бойынша жұмыс жүргізілді. Мектеп бойынша есепте тұрған  және тәуекел топ , инклюзивті оқыту бойынша оқытылатын оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу арқылы мінез-құлықтарына психологиялық мінездеме жазылды.

9сыныптарға арналған «Сенің кәсіби ой ниетің?» сауалнамасы алынып, өзінің кім екенін, қандай екенін, болашақта қандай маман бола алатынын, алға қойған мақсаттарын қалай іске асыру керектігі анықталынып, нәтижесі шығарылды. 9 сынып оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» атты тренинг жүргізілді, мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау. Оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығна психологиялық – педагогикалық көмек көрсетілді. Сонымен қатар сәуір айында жүргізілген кәсіби бағыт –бағдар сауалнамасы бойынша зерттеу жүргізілді. Тренингке қатысушылар кәсіптік икемділік және қызығушылықтарын анықтау нәтижесімен таныстырылып ақпарат алмасты.Нәтижесінде оқушылар әр түрлі мамандықтар туралы өз ойларын айтып, емін еркін сөйлесуді үйренді.Мамандыққа байланысты ақпараттар алмасып, өзін өзі тану аумағын кеңейтті. ҰБТ тапсыратын оқушылардың эмоционалды үрейінен, қорқыныш сезімдерінен арылу мақсатында жаттығулар жүргізілді.Жоспарға сәйкес оқушылармен: темперамент анықтайтын Айзенк тесті, өзін-өзі бағалау тесті,бейіндік анықтау мақсатында Дж.Голланд сауалнамасы алынды. Ата-аналар жиналысында ҰБТ-ға дайындық барысында психологиялық қөмек  ұсыныстар берілді.

Психокоррекция: түзету, дамыту
 Оқушылармен психокоррекциялық жұмыс психологиялық түрде дұрыс дамыған балаларға да, сонымен қатар оқу барысында, мінез – құлқында қандай да бір күрделі психологиялық мәселелері байқалатын балаларға да бағытталынады. Алғашқы жағдайда дамытушы жұмыстың басым қолданылуы, ол екінші жағдайда – түзету (коррекциялық) жұмысының орындалуы жоспарланады. Толық әрі жан – жақты ұйымдастырылған түзетуші – дамытушы жұмыстың негізгі принципі – оқушыға ықпал етудің тұтастығы болып табылады.Жеткіншектермен жеке бас ерекшеліктерін дамыту және қарым-қатынасқа нашар түсетін оқушылармен «Көңіл-күй кімге және кімге байланысты болады?» түзету жұмыстары жүргізілді.
 Бастауыш сынып оқушыларына  эмоциялық көңіл-күйге арналған түзету-дамыту бағдарламасы жасалып, 1 - 2 сыныпқа өзіндік бағалау әдістемесі жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың өзіндік бағалауы «орташа», «жоғары» деңгейде екені анықталды. 1 сынып оқушыларымен жүргізілген «Мектептің суретін сал» әдісі арқылы баланың мектепке қарым-қатынасы мен мектептік қобалжу деңгейі анықталды. Төмен деңгейде – 8 оқушы, орташа деңгейде - 20 оқушы, жоғары деңгейде – 10 оқушы.Оқушылармен оқушы бойында бір- біріне деген құрмет, достық, жанашырлық, татулық сезімдерін ояту мақсатында «Менің жағымды тұстарым, жақтарым, қырларым ... досымның көзімен» әдістемесі жүргізілді.

Профилактика және психологиялық ағарту

Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша  № 455 бұйрығына сәйкес жоспарланған жұмыстар жұргізілуде. № 10 орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының қыркүйек  айында   мектеп психологі  9-11 сынып окушыларынан  «Одиночество» С.Г. Корчагина  сауалнамасын алды.  Мектеп бойынша 220 оқушы қатысты. Оқушылар  арасында 8 оқушының үрей денгейі жоғары екендігі анықталды. Қазан айында 8-11 сынып оқушылары арасында сауалнама алынды. Сауалнамаға 217 оқушы қатысты. Оқушылар арасында 3 оқушының үрей деңгейі жоғары екені анықталды. Мектеп психологі  әр оқушымен жеке-жеке  Генезис бойынша психотерапия жүргізді. Оқушылар ресурстық күйге енді, мазасыздықтан арылды. Әнгімелесу арқылы үрей деңгейін болдырмау себептері қадағалануда. Сауалнаманың нәтижесі бойынша өз-өзіне қол салуға бейім оқушы анықталмады.Жетім бала және аз қамтылған балалармен оқу мен тәрбиеде , қарым-қатынаста  ата-аналарымен мұғалімдеріне нұсқау беру. «Қиын топтағы » балалармен жүргізілетін жұмыс бірнеше бағытта жүргізіледі:

1.       Отбасын зерттеу;

2.       Баланы зерттеу;

3.       Баланың әлеуметтік жағдайын, отбасын аралап, қарап шығу;

4.       Баланың психологиялық-педагогикалық мінездемесіне, тәртібіне көңіл бөлу;

5.       Жеке әңгімелесу;

Жүргізілетін жұмыстың мақсаты:«Қиын топтағы» оқушыларды анықтау, әлеуметтік бейімделуі.Мақсаты:Баланың әлеуметтік-психологиялық денсаулығына көңіл бөлу.Баланың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтап, өз-өзіне деген сенімдігін жоғарлатып, өміріне деген жауапкершілікті сезіне алуын түсіндіру масқатында түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.Баланы қоғамдық жұмыстарға қатыстырып, қызықтыру. 2022-2023 оқу жылының I тоқсанында  «қатер  топ»   есебінде тұрған оқушылар анықталмады. Мектеп психологі 5-11 сынып  оқушыларынан өзін-өзі бағалау деңгейін анықтап, үрей деңгей, агрессия деңгейін және мектепке деген мотивациясын анықтауға  арналған тесттер жүргізілді.Сонымен қатар мұғалімдердің және мектеп әкімшілігінің сұранысы бойынша түзету-дамыту   жұмыстары жүргізді. Осы оқушылармен «Люди значимые для меня», «Кешірім хат», «Я и мои друзья», «Теңізге саяхат» атты  коррекциялық сабақтар  жүргізілді.Сабақтың  жүргізу мақсаты: адамдармен қарым-қатынасқа түскенде, өзін-өзі басқара алуын және өзін түзете алуын: тек қана өзін-өзі сыйлау ғана емес, басқа сыныптастарын, қоршаған ортадағы адамдарды да сыйлауға, үлкендерді сыйлауға үйрету:Психолог тарапынан атқарылған коррекциялық сабақтарын қорытындысы бойынша  сынып жетекшілеріне, пән мұғалимдеріне кеңес берілді. Мектеп психологы жұмыстарын жоспарға сәйкес  жалғастыруда.

Педагогтармен жұмыс : 1 сынып мұғалімдеріне кеңестер берілді. Жас мамандармен «Мен ғажайыппын» тренингі жүргізіліп, жас мамандар сауалнамасы толтырылды. Сынып жетекшілермен сынып жетекшіге арналған карта толтырылды. Жас мамандармен психологиялық ағарту жұмысы жүргізіліп «Ұжымға бейімделу» тренингі өткізілді. «Сіз қандай ұстазсыз?» сауалнамасы алынып тренинг жүргізілді.Мектептегі барлық сынып оқушыларына сынып жетекшілерімен байланыса отырып жеке психолого-педагогикалық карта толтырылды.Пән мұғалімдерімен байланыса отырып негізгі пәндер бойынша оқудағы үлгермеушіліктің себептерін анықтау мақсатында оқушылардың танымдық процестеріне психодиагностикалық әдістер жүргізілді. Психодиагностика арқылы ойлауы, зейіні, есте сақтауы,қабылдауы және қиялының деңгейлері анықталды. Нәтижесі шығарылып,пән мұғалімдеріне ұсыныстар жасалды. Әр үлгерімі төмен оқушыға психодиагностикалық зерттеудің нәтижесі бойынша қорытынды жасалды. Оқушылар мен мұғалімдердің қарым – қатынасын анықтау мақсатында сауалнамасы жүргізіліп мұғалім оқушы арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау, оқушы мен мұғалімнің арасындағы келіспеушілік, оқушының бойындағы жағымды қасиеттің болуын, мұғалімнің оқушыны тәртіпке салу үшін қандай әдістерді қолданатынын анықталынды. Оқытушының дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бейімділігін анықтау мақстында тест алынып, ұпай бойынша мұғалімнің дарынды баламен жұмыс істеуге бейімділігі бар екендігі, шығармашылық ынтасын оята алатындығы анықталынды.Сонымен қатар жас мамандармен «Мен үйдемін, мен жұмыстамын», «Менің ерекше қабілетім» тренингтері жүргізіліп, «Мен құрметтейтін ұстаз» тақырыбында шығарма жазылды, шығарма барысында жас мамандар өздері құрметтейтін ұстаздарды тәлімгер ретінде көргісі келетіні және ұстаздық мамандықта тәлімгердің атқаратын маңызы зор екендігі айтылған. «Мұғалімнің шыдамдылығы»тесті алынды. Мұғалімдердің шыдамдылығы мен кәсіби бағыттылығын анықтау, мұғалімдердің кәсіптік деңгейін анықтауға мүмкіндік беру. Мұғалімдермен «Мұғалім болу оңай ма?» тренингі өткізіліп, мұалімдердің шаршау, енжарлық, аффектілерінен арылтуға жаттығулар жүргізілді. Сынып жетекшілерді диагностика нәтижелерімен таныстырылып түзету дамыту жұмыстары уақытында өткізіліп отырады. Оқушылар мен мұғалімдердің қарым – қатынасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп мұғалім оқушы арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау, оқушы мен мұғалімнің арасындағы келіспеушілік, оқушының бойындағы жағымды қасиеттің болуын, мұғалімнің оқушыны тәртіпке салу үшін қандай әдістерді қолданатынын анықтады.
 Жыл бойы оқушылармен, мұғалімдермен, сынып жетекшілермен тығыз байланыста қарым-қатынаста жұмыс жүргізілді. Жас мамандармен психологиялық қолдау көрсету мақсатында психологиялық ағарту жұмыстары және қарым – қатынас, сенімділік тренингтері жүргізіліп отырды.
 Ата-аналармен жұмыс
 Оқушының ата-анамен қарым-қатынасын анықтау мақсатында ата-анасынан «Ата-аналарға арналған»сауалнама жүргізіліп баласына қанша уақыт бөлетінін, қаншалықты түсініп, тыңдай алатыны біліп тексеру мақсатында 7-8 сынып оқушыларынан «Балаларға арналған» сауалнама алынды. Сонымен қатар ата-аналармен «Тәрбие отбасынан басталады», «Кикілжіңнің бала денсаулығына әсері» тақырыптарында жиналыстарда баяндамалар оқылып,баланың ата-ана өміріндегі маңызды орын алатынына шолу жасалынды.Әрбір ата-ана оқушының жан-жақты дамуын қадағалауы керектігін (қызығушылығы, қабілеттілігі, психолого-физиологиялық сапасын, денсаулық жағдайы)түсіндіріп өтті.
 Сенім поштасының жұмысы

№ 10 орта мектебінде мектепшілік № 454 бұйрыққа сәйкес  «Сенім поштасы» жұмыс істейді, комиссия төмендегідей құраммен бекітілді. 

  1. Л.Аймаханова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  2.  Д.Доскабылова  - мектеп психологы.
  3.  Г.Кулатова  - әлеуметтік педагог.
  4. А.Ермак – аға тәлімгер

 Комиссия құрамы әр күні жәшікті ашып, психологі жауабын беруде. 

2022-2023 оқу жылында бірінші жарты жылдықта № 10 орта мектебінде «Сенім поштасына» 2 хат келіп түскені анықталды.Хатқа мектеп психологі толық жауабын берді. Әр айдың 25- күніне дейін аудандық білім бөліміне «Сенім поштасының» жұмысы туралы мәлімет тапсырылып отырылады. «Сенім поштасы» жұмыс жасап, түскен хаттар талқыланып, керек жағдайда мектеп әкімшілік кеңесінде қаралды. Мектеп директорының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, оқу-тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарларымен тығыз байланыста болып, жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп отырды. «Сеніп поштасы» ережеге сай жұмысын жалғастыруда.

Консультация беру

1-5 сынып оқушыларының диагностика қортындысы бойынша сынып жетекшілеріне,ата-аналарына және мұғалімдерге .Ата-аналардың байланысын жақсарту, психологиялық білімдерін көтеру Диагностиқа қорытындысы бойынша өткізілген  психологиялық зерттеу нәтижесімен сынып жетекшілер, ата-аналар таныстырылып , ұсыныс берілді.Әлеуметтік жағыннан тұрмысы нашар отбасылармен және балалармен, ерекше назардағы оқушылармен  құқық бұзушылық пен қараусыздықтың алдын-алу бойынша жұмыс жүргізілді. Мектеп бойынша есепте тұрған  және тәуекел топ , инклюзивті оқыту бойынша оқытылатын оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу арқылы мінез-құлықтарына психологиялық мінездеме жазылды. Оқушылардың өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде қалыптасуға баулу, мамандық таңдауға жәрдемдесу. Оқушыларға кәсіби бағдар беру. Жасөспірімдерге өзіндік кәсіптік таңдауға көмек көрсетті, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ұзақ уақыт бақылау арқылы оқушының қай бағытқа бейім екендігі, мақсатты бағыттылыққа жетекшілік ету. Көбіне оқушының бойындағы қандай кәсіпке бейімділігі бар екендігін анықтау ғана емес оқушы бойындағы жекелік сапанының дамуы, өзін тәрбиелеуі мен оқушының практикаға психологиялық түрде дайындығын анықтау.5-6-7сынып оқушыларына «Бала өмірінде жәбірлеуге жол бермейік» психологиялық кеңес берілді: «Ақылды адам өз басын кінәлайды, ақылсыз адам жолдасын кінәлайды» - демекші, қандай жағдай болмасын, әңгіменің байыбына бармай жатып, біреуді кінәлаудан аулақ болыңдар. Қиын жағдайға түсіп қалсаң, үрейге немесе күйзеліске түспе, жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс деп оқушыларға түрлі тиімді психологиялық кеңестер берілді.
 Оқушылардың өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде қалыптасуға баулу, мамандық таңдауға жәрдемдесу.Оқушыларға кәсіби бағдар беру. Жасөспірімдерге өзіндік кәсіптік таңдауға көмек көрсетті, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ұзақ уақыт бақылау арқылы оқушының қай бағытқа бейім екендігі, мақсатты бағыттылыққа жетекшілік ету. Көбіне оқушының бойындағы қандай кәсіпке бейімділігі бар екендігін анықтау ғана емес оқушы бойындағы жекелік сапанының дамуы, өзін тәрбиелеуі мен оқушының практикаға психологиялық түрде дайындығын анықтау,оқушылардың өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде қалыптасуға баулу, мамандық таңдауға жәрдемдесу,оқушыларға кәсіби бағдар беру, нәтижесінде оқушылар әр түрлі мамандықтар туралы өз ойларын айтып, емін еркін сөйлесуді үйренді, мамандыққа байланысты ақпараттар алмасып, өзін өзі тану аумағын кеңейтті.

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс

Мектеп психолгі диагностикалық іс-шараларды жоспарлап, семинарларға қатысып өз біліктілігін көтеруде.

Ата-аналар,оқушыларға және мұғалімдерге кеңес беру материалдарын қарастырады, жаңартып отырады.

Түзету және ағарту жұмыстарына материал жинақтап, дайындап, қажет еткен оқушармен жұмысын жүргізүде.

ҚОРЫТЫНДЫ:Жылдық жоспарға сәйкес жоспарлар орындалды. Осы оқушылармен профилактикалық жұмыстары, әңгімелер, жеке жұмыстар жүргізілуде.Пән   мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға  кеңес беріліп отырылады. Мектеп психологі атқарылған жұмыстарын саралап, мәліметін жазып кеңес, ұсыныстарын кажет болғанда беріп отырады.Мектеп психологі жұмыстарын ары қарай жалғастыруда.


                              Мектеп психологі                                     Д.Доскабылова


                              Мектеп директоры                                    А.Ержанова


                                                                                                                            
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив