Протокол попечительского совета » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№10 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Протокол попечительского совета
14
март
2018

Протокол попечительского совета

«№10 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
2017-2018 оқу жылы бойынша
қамқоршылық кеңесінің отырысы

ХАТТАМА №1

Чапаев ауылы «4» қыркүйек 2017 ж.
Өткізілген орны: №10 орта мектептің мәжіліс залы
Төрағасының аты-жөні: Маткеримова Асел Бекежановна
Хатшының аты-жөні: Калуратова К.Б.
Қатысқандар: 150 адам

Күн тәртібінде:
1. 2016/2017 оқу жылының қорытындысы, мектептің оқу жылына дайындығы;
2. 2016/2017 оқу жылы бойынша қаржылық қызметі;
3. 2017 жылдың жаз кезінде жүргізілген жөндеу жұмыстары;
4. Қамқоршылық кеңесінің құрамы мен 2017-2018 оқу жылына жұмыс жоспарын бекіту.
1. Тыңдалды:
Ж.Окасова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
2016/2017 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп, аудан, ауыл көлемінде өткізілген іс-шаралар жайлы, ата-аналардың көрсеткен қолдауы жайлы айтып, мектептің оқу жылына дайындығы жайлы мәлімет беріп өтті.
Сөз алғандар:
Ә.Байдәулетов - мектеп директоры:
Мектептің өткен оқу жылында жеткен жетістіктері ата-аналардың дұрыс қолдау тауып, тиісті шаралар қолдана білуінің жемісі екендігін атап өтті. Мектепте өтіп жатқан жөндеу жұмыстарына да ата-аналардың белсене қатысуы өз балаларының сапалы білім алуына жасап жатқан қадамдардың бірі екендігін айтып, алғысын білдірді.
Қаулы қабылдады:
1.1. 2016/2017 оқу жылында атқарылған іс-шаралар «Қанағаттанарлық» деп танылсын.

2. Тыңдалды:
А.Маткеримова - қамқоршылық кеңесінің төрағасы:
2016/2017 оқу жылы бойынша қаржылық қызметі бойынша есеп берді. Өткен оқу жылында мектепте күрделі жұмыстардың жүруіне байланысты мектепте демеушілер, ата-аналар тарапынан көмектер көрсетілмеді. Сәуір-самыр айларында «Мектепке гүл сыйла» акциясы аясында мектеп маңына көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналардың ерікті акциясы аясында 50 000 (елу мың) теңгедей қаражатқа көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.


Сөз алғандар:
Ж.Бахтыбаева – 6 ә сынып оқушысының ата-анасы:
Ия, мектеп маңына акция аясында бірталай гүлдер мен көшеттер отырғызылып, мектепке көрік беріп тұр. Алдағы уақытта да бұл жұмыстарды тоқтатпай жалғастыра берсек, дұрыс болар еді.
Қаулы қабылдады:
2.1. 2017-2018 оқу жылында қамқоршылық кеңесі мектепке демеушілер, ерікті көмек ретінде түскен қаражат қатаң бақылауға алынсын.

3. Тыңдалды:
Б.Күлшекеева – директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары:
2017 жылдың жаз кезінде жүргізілген жөндеу жұмыстары жайлы айтып өтті. 2016 жылдың жаз кезінде мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігіне байланысты 2017 жылдың жаз кезінде косметикалық жөндеу жұмыстары ғана жүргізілді.
Сөз алғандар:
С.Рудакова – 4 «В» сынып оқушысының ата-анасы:
Мектепте жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары сапалы болуына байланысты косметикалық жөндеу жұмыстары шығынды қажет етпеді.
Қаулы қабылдады:
3.1. 2017 жылдың жаз кезінде жүргізілген жөндеу жұмыстары «Қанағаттанарлық» деп танылсын.

4. Тыңдалды:
Р.Раимбекова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Қамқоршылық кеңесінің құрамы мен 2017-2018 оқу жылына жұмыс жоспарымен таныстырып, бекітуге ұсынды.
Сөз алғандар:
Қамқоршылық кеңесінің құрамы мен 2017-2018 оқу жылына жұмыс жоспары бірауыздан қолданып, қабылданды. Қалыс қалғандар болған жоқ.

Қаулы қабылдады:
4.1. 2017-2018 оқу жылына ұсынылған қамқоршылық кеңесінің тізімі мен атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілсін.


Төраға қолы аты-жөні А.Маткеримова


Хатшы қолы аты-жөні К.Калмуратова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив