"Алматы облыстық білім басқармасының" ММ "Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі" МКҚК колледжінің мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді » №10 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№10 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алматы облыстық білім басқармасының" ММ "Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі" МКҚК колледжінің мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді
12
апрель
2024

"Алматы облыстық білім басқармасының" ММ "Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі" МКҚК колледжінің мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2024 жылдың 3 сәуір күні №10 орта мектебіне "Алматы облыстық білім басқармасы" ММ "Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі" МКҚК колледжінің мамандарымен кездесу барысында әр түрлі мамандықтармен таныстырылды. Колледж түлектерінің жетістіктері туралы слайдтар, презентация мен бейнероликтер көрсетіліп, оқу орнына түсү үшін қойылатын талаптар мен оқудағы жеңілдіктер, түлектерді еңбекке орналастыру тәртіптерімен толық таныстырып өтті. Колледждің басты мақсаты – ауыл шаруашылығы  саласына  біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап,  ауылымыздың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуіне үлес қосу. Колледж ұжымы жастарды кәсіпке баулау, салауатты өмір салтын қалыптастырып, оларға жан-жақты білім беру жолында аянбай қызмет атқаратындықтарын айтыр өтті. Колледж миссиясы –  «Еңбек  нарығында бәсекеге қабилетті, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа дайын білікті мамандарды даярлау». Білім беру жүйесі бір неше факторларға тәуелді, соның ең негізгісі- инженер-педагог кадрлардың  сапалық құрамы мен материалдық техникалық базасы. Инженер-педагог кадрлар құрамы оқытылатын пәндерге сәйкес жоғары білімі бар жоғары білікті мамандардан турады. Өзін-өзі жетілдіру және педагогикалық тәжірибені жетілдіру мақсатында әр 5 жыл сайын олар аттестациядан және біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, жыл сайын облыстық, республикалық конкурстарға, семинарларға, конференцияларға қатысады, он-лайн сабақтар, ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізіп, бір-бірімен тәжірибе алмасатындықтарын, лицензияланған медициналық кабинеттің барын, оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасалғанын және медициналық пункт санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес медициналық жабдықтармен және техникамен жабдықталғандығын, онда күнделікті қабылдау және алғашқы медициналық көмек көрсетілетіндігін,  қызметкерлер мен студенттерге медициналық қызмет көрсетуді білікті медицина қызметкері жүзеге асыратындығын атап айтты. Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің мамандарымен кездесу өте жақсы өтті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив